«Eco Biomed-Kazakhstan» ЖШС-гі сізге Еуропалық Одақтың (ЕО) дезинфекция саласындағы жаңа революциялық шешімдерін ұсынады. ANOSAN® өнім желісі неміс технологиясын қолдана отырып, тікелей Қазақстан Республикасы аумағында, Ақтөбе қаласында шығарылады.
ANOSAN® өнімдері 99,9% белгілі вирустар мен бактериялармен сапалы және тиімді күресіп қана қоймай, экологиялық таза, қауіпсіз, гипоаллергенді болып табылады, құрамында спирттер мен токсиндер жоқ. Сонымен қатар, біздің өніміміздің құрамы адам ағзасының инфекциялармен күресуі үшін миелопероксидаза (MPO) ферменті өндіретін бактерицид құрамына өте ұқсас болып келеді.
Біз, eca biomed GMBH & CO.KG (әзірлеуші) неміс корпорациясының серіктесі ретінде, бүкіл әлемдегі серіктестермен ынтымақтастық жасаймыз, бұл үнемі ғылыми-техникалық дамуға мүмкіндік береді. Қазақстандық өндіріс әзірлеуші тарапынан аккредиттелген және біз Қазақстан, ЕурАзЭҚ пен Орталық Азиядағы клиенттерімізді қауіпсіз залалсыздандырушылармен қамтамасыз етуге кепілдік береміз. Бұған қоса, өнім желісін әр түрлі жобаларда пайдалану бойынша толық кеңестер, нұсқаулар мен ұсыныстар береміз. Біздің консультацияларымыз әр түрлі жобалармен жұмыс жасайтын серіктестеріміздің құнды халықаралық тәжірибесін қамтиды.
Біздің компанияның міндеті - отандық және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін өнім шығару болып табылады.